ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
КЕҢЕС
ШЕШІМ
2016 жылғы «17» мамыр № 101 Мәскеу қаласы
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі жаңа редакциясында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешіміне қосымша) өзгерістер енгізілсін.
2.Осы Шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан
Беларусь Республикасынан
Қазақстан Республикасынан
Қырғыз Республикасынан
Ресей Федерациясынан
В. Габриелян
В. Матюшевский
А.Мамин
О.Панкратов
И. Шувалов
